Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үстемақы талап еткен медицина қызметкерлері ереуілге шықты

Үстемақы талап еткен медицина қызметкерлері ереуілге шықты
«Қолда бар ақпарат бойынша, коронавирустан 70-тен 100-ге дейін медицина қызметкері қаза тапты», - дейді ереуілші.

Жиналған жұрт еңбек жағдайына көңілдері толмайтынын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының алдына жиналған жұрт үкіметтен барлық медицина қызметкерлеріне айына 205 АҚШ доллары көлемінде үстемақы төлеуді талап етті.

Айта кетейік, қазір аймақта коронавирус індеті өршіп барады. Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметіне сәйкес, Перуде науқастардың саны 500 мыңнан асты. Оның 25 мыңнан астамы вирус құрбаны болды.

«Қолда бар ақпарат бойынша, коронавирустан 70-тен 100-ге дейін медицина қызметкері қаза тапты. Билік өкілдерінен індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген нақты қанша маман вирустан көз жұмғанын айтуын талап етеміз. Олардың ішінде дәрігерлер ғана емес, әскерилер де бар», - деді ереуілші Альберто Очоа.

Автор
Айбар