Қатар астанасы Дохада өткен жылдам шахмат турнирінде Бибісара Асаубаева үшінші мәрте әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды kznews.kz.
Осылайша 21 жастағы қазақстандық шахмат тарихындағы блицтен үш мәрте чемпион атанған екінші шахматшы атанды.
Ал ерлер арасында әлем чемпионы тәжін Магнус Карлсен тақты.
Бұл жеңісі үшін Бибісара 40 мың евро сыйақы алды.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман 12 орын иемденіп, 2500 евро табыс тапты.
Бибісараның айтулы жетістігімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттауға шешім шығарды.