Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өзінің тағы бір жетістігімен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
– Мен 12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңдім. Жеңіске жету әрқашан жағымды, әсіресе егер бұл 2027 жылы Вайссенхаус қаласында өтетін келесі әлем чемпионатына қатысуға кепілдік берсе. Тамаша турнир үшін рақмет! Келесі жылы осында оралуды асыға күтемін, - деп жазды Асаубаева Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кету керек, ресейлік және швейцариялық шахматшы Александра Костенюк басқа да атақтарға ие: ол екі дүркін Ресей чемпионы (2005, 2016), Еуропа чемпионы (2004), Швейцария әйелдер чемпионы (2011-2015) және Швейцария ерлер чемпионы (2013), әйелдер арасындағы алғашқы әлем кубогының жеңімпазы (2021) және Фишер Рандом әлем чемпионы (2006, 2008).