Саяси смета: Бюджет қаржысы қай партияларға бұйырды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жавохир Синдаровтың әжесі Бибісара Асаубаева жайлы пікір білдірді

Жавохир Синдаровтың әжесі Бибісара Асаубаева жайлы пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзден

Sport.uz арнасына берген сұхбатында Синдаровтың әжесі Асаубаева екеуінің жай ғана дос екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Кеше Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев шахматшы Жавохир Синдаровты Пафоста өткен 2026 жылғы Үміткерлер турниріндегі жеңісімен құттықтады. Енді қыркүйек айында Самарқандта 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтеді. Бұл – ел тарихындағы елеулі оқиға, өйткені Өзбекстан мұндай ауқымдағы шахмат олимпиадасын алғаш рет қабылдағалы отыр.

Дегенмен биылғы турнирда көптің көкейіндегі сұрақ біреу ғана: Екі шахматшының арасында не бар? Бұл туралы әлі ешкім ресми мәлімдеме жасамады. Бірақ Бибісара Жавохирді желідегі парақшасында «Менің чемпионым» деп жүрек эмодзиін қосып құттықтаған.

- Қазірше олар дос. Бұл жайлы пікір айту қиын. Бибісараны жастайынан танимыз. Жанымызда бірге жүретін, бірге шахмат ойнайтын. Жастайынан танимын, араласамыз. Қазірше дос. Ертең не болатынын білмейміз. Егер ертең ол маған «қызды ұнатам, жақсы көремін» десе қабылдаймыз,– дейді Жавохир Синдаровтың әжесі.

Жавохир Синдаров – 12 жас 10 айында гроссмейстер атанған әлемдегі ең жас шахматшылардың бірі. Ол 2005 жылдың желтоқсанында шахматшылар отбасында дүниеге келген. Гроссмейстердің отбасы Ташкент қаласында тұрады. 2011 жылы ата-анасы Жавохирді 6 жасында шахмат секциясына берген.

Жавохир шахмат ережелерін тез меңгеріп, аз уақыт ішінде өзінен үлкендерді де жеңе бастаған. Туа біткен дарыны мен тәжірибелі бапкерлердің арқасында ол әлемдегі ең жас гроссмейстерлердің бірі атанды. Ол ФИДЕ-нің ең жоғары атағын 12 жас 10 айында иеленді.

Оның атасы Комил Синдаров – Өзбекстан шахмат федерациясы төрағасының орынбасары, сондай-ақ заңгер, ғылым докторы, профессор және детектив жанрындағы жазушы.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.