Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлұлы дүниеден өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Сенің орныңды ешкім баса алмайды": Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз жазба жариялады

"Сенің орныңды ешкім баса алмайды": Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз жазба жариялады
Фото: instagram.com/timuryli1_

Маңғыстау облысында 14 әскери қызметшінің өмірін қиған қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздардың бірі Ақжол Темірхан әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады. Ол екі ай бұрын қаза тапқан қаруластарын сағынышпен еске алып, жақын досына жүрекжарды сөздерін арнады.

Ақжол Темірханның айтуынша, қайғылы оқиғадан бері екі ай өтсе де, сол күнгі жағдай мен қаруластарынан айырылған сәті әлі есінен кетпейді. Әскери борышын бірге өтеген достарын еске алған сарбаз олардың әрқайсысы жүрегінде ерекше орын алатынын жеткізді.

Ақжол өз жазбасында әсіресе Азамат есімді досына деген сағынышын білдірді. Ол қаруласымен бірге әлі талай күн өткізіп, талай сырласуды армандағанын жазған.

"Азамат, досым, бауырым, әлі талай бірге өткізетін күндеріміз, талай айтатын әңгімелеріміз бар еді ғой… Тағдырдың жазуына не шара. Сенің орныңды ешкім баса алмайды", – деп жазды Ақжол Темірхан.

Сарбаз уақыт өтсе де, қаза тапқан жолдастарын ұмытпайтынын айтып, олардың рухына тағзым етті.

Маңғыстауда 14 сарбаз қаза тапқан еді

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы оқиға болды.

Ресми мәлімет бойынша, оқу-жаттығу барысында ауа райы күрт нашарлап, күшті жел салдарынан 17 әскери қызметші теңізге кеткен.

Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі аман қалды.

Аман қалған әскери қызметшілердің бірі – Ақжол Темірхан. Ол кейін әскери қызметін аяқтап, туған жеріне оралған.

Қайғылы оқиға қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына көңіл айтылып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды.

Ақжол Темірханның арада екі ай өткенде жариялаған жазбасы оның қаруластарына деген сағынышын және ауыр оқиғаның жадында сақталғанын көрсетті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер