ҚТЖ басшысы болып Ерсайын Нағаспаев тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Динамика жоқ, созып жіберген”: Дархан Мұсабаев Бадықованың киносын сынап тастады

“Динамика жоқ, созып жіберген”: Дархан Мұсабаев Бадықованың киносын сынап тастады

Мұсабаевтың пікірінше, фильм Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің, өрт сөндірушілер мен өзге де құтқарушылардың еңбегін кеңінен танытуға мүмкіндік берген. Әсіресе олардың өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігетіні әсерлі көрсетілген.

Дархан Мұсабаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмін көріп, картинаға қатысты ойын бөлісті. Ол туындыда құтқарушылардың қауіпті қызметі мен жеке өмірі жақсы бейнеленгенін атап өтті. Алайда фильмнің оқиғасы тым созылып кеткенін де жасырмады, деп хабарлайды kznews.kz.

«“Соңыра” фильмін көріп шықтым. ТЖМ, өрт сөндіру, жалпы барлық құтқарушылардың мәртебесі көтеріліп қалды деп ойлаймын. Ол кісілер басқаның денсаулығы үшін, өмірі үшін өз өмірін қатерге тігетінін керемет жеткізген. Олар да жеке өмірі бар екенін жақсы жеткізген», – деді ол.

Сонымен қатар ол фильмнің баяндау қарқынына көңілі толмағанын айтты. Оның сөзінше, қысқа әрі жинақы жеткізуге болатын оқиға шамадан тыс созылған. Дегенмен актерлердің ойынына жоғары баға берді.

«Бір қысқа, жұмыр дүниені созып жіберген сияқты. Динамика жоқ. Актерский состав өте мықты», – деп түйіндеді Дархан Мұсабаев.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.