Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлыбританиядағы су тасқыны 6 адамның өмірін қиды - Қазақстан жаңалықтары

Ұлыбританиядағы су тасқыны 6 адамның өмірін қиды - Қазақстан жаңалықтары

Ұлыбританияда тоқтаусыз жауған жауыннның кесірінен Уэльсте алапат су тасқыны орын алды. Тілсіз жау алты адамның өмірін жалмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ең соңғы табылған адам Бирмингем тұрғыны екен. 

Ұлыбритания тарихында мұндай ірі су тасқыны болып көрмеген. Қазіргі уақытта Уэльс тұрғындары алдағы күтілетін толассыз жаңбырға дайындықты бастап кетіпті. Жауын-шашынның тоқтамауы қираған үйлерді қалпына келтіру және құтқару жұмыстарына кедергі келтіруде. 

Бұған қоса жергілікті метеорологтар англиялықтарға да сақ болуды ескертті. 

"Бүгінгі күні біз халықты қауіпсіз жерге көшіру үшін жағдай жасаудамыз. Тұрғындарға сақ болуды және өз отбасыларымен бірге эвакуциялау орталықтарына баруға кеңес береміз",- деп мәлімдеді жергілікті билік. 

Бұған дейін топан су жайлы Англия мен Уэльсте 9 рет дабыл қағылыпты. 
 


stan.kz
Автор
Айбар