Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан туралы маңызды және қызықты деректер

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан туралы маңызды және қызықты деректер

Ұлы Отан соғысы кезінде майданға 1 200 000 қазақстандық аттанған болатын. Олардың тең жартысы үйге оралған жоқ. Өткен ғасырдағы сұрапыл соғыстың Қазақстанға қатысты маңызды цифраларын Sputnik Қазақстан инфографикасынан көре аласыздар

Төрт жылға созылған соғыста жарты миллионнан астам қазақстандық қаза тапты. 700 мыңнан астамы еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімшелеріне жазылған болатын.

Ал ҚазКСР әртістері сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеруге атсалысты. Олар армияны аралап, 1 216 концерт өткізді.

Оқи отырыңыз: 21 жасында Кеңес одағының батыры: Сағадат Нұрмағамбетов туралы не білеміз?

Соғыс жылдары 49 колөнер училищесі мен фабрика-зауытқа оқыту мектептері ашылған. ҚазКСР-дың 27 әскери оқу орындары шамамен 16 мың офицерді даярлап шығарды.

Маңызды деректердің бірі: соғыста атылған 10 оқтың 9-ы ҚазКСР-да құйылды. Бұдан бөлек, төрт жылдың ішінде республикада шамамен 4 миллион артиллериялық снаряд пен 4,7 миллион мина шығарылды.


sputniknews.kz
Автор
Данияр