Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлдана Мырзуанның өмірін сақтап қалуға болар ма еді?

Ұлдана Мырзуанның өмірін сақтап қалуға болар ма еді?
Коллаж: Kazinform

Астана қаласының ауданаралық қылмыстық сотында жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі жалғасты. 27 тамыздағы отырыста марқұмға сол күні көмек көрсеткен медициналық бригаданың аға фельдшері мен Астана ТЖД кезекші бөлімінің бастығы жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Orda.kz жазды. Прокурор өткен отырыста фельдшер Зарина Мұхамадғалиеваның айғақтарына байланысты Ақтымак Сыздықованы қосымша жауап алуға шақыру туралы өтініш білдірді. Қорғаушы тарап бұған қарсылық танытқанымен, судья Меруерт Абаева өтінішті қанағаттандырды.

Аға фельдшердің айтуынша, олардың бригадасы оқиға орнына келгенде дүкен ішіндегі зардап шеккен әйелге көмек көрсетіп жатқан. Сол сәтте ол әріптесі Ділназ Байзақованың «Ұлдана!» деп айқайлағанын естіген.

«Жүгіріп барсам, Ұлдана етпетінен жатыр екен, үсті-басы кірпіш шаңына толы болды. Ділназ оны көтеріп жатты. Мен де көмектесе бастадым. Басының шашты бөлігіндегі жарадан қан кетіп жатты. Қанды тоқтату үшін бинт бастым. Кейін оны зембілге салып алып кеттік», – деді куәгер.

Қорғаушы тарап оқиға орнындағы көріну деңгейі мен қауіпсіздік ережелері туралы сұрақ қойды. Сыздықованың сөзінше, айналада шаң болып, кірпіштер әлі де құлап жатқан. Соған қарамастан, зардап шеккендерге көмек қажет болғандықтан, медицина қызметкерлері қауіпті аймаққа кірген.

«Нұсқаулық бойынша төтенше жағдай орнына кіруге болмайды. Бірақ ол жерде зардап шеккендер болды. ТЖМ қызметкерлері әлі келмеген еді, айналадағы адамдар көмек сұрап айқайлап жатты. Сондықтан көмектесуге ұмтылдық», – деді ол.

Сотта Астана ТЖД кезекші бөлімінің бастығы Ризабек Дайыров та жауап берді. Оның айтуынша, егер құтқарушылар оқиға орнына жедел жәрдемнен бұрын жеткенде, аумақ қоршауға алынып, қауіпсіздік расталғанға дейін медицина қызметкерлері мен басқа азаматтар ішке жіберілмес еді.

«Егер біздің бригада тезірек келгенде, төтенше жағдай орнын қоршап, азаматтар мен дәрігерлерді кіргізбейтін едік. Қауіпсіздік расталғаннан кейін ғана рұқсат берілер еді», – деді Дайыров.

Оның айтуынша, құтқарушылар келген соң үйінді астынан екі адам табылып, оларға көмек көрсетілген. Кейін қауіпті қаптамаларды бөлшектеу жұмыстары жүргізілген. Ал опырылу болған нақты өткелдің кейін жабылған-жабылмағанын куәгер айта алмады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.