Цифрландыру циклі: елдегі шағын және орта бизнес көш басында
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді
фото: ашық дереккөз

Астанада 24 тамызға жоспарланған фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Астана сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы техникалық себептерге байланысты басқа күнге ауыстырылған.

"Бұған дейін отырыс 24 тамыз күні сағат 10:00-ге жоспарланған болатын.

Келесі отырыстың нақты күні, уақыты мен орны туралы қосымша хабарланады", - деп мәлім етті соттан.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер құлап, адамдар зардап шеккен еді.

Кейін оқиға орнында жедел жәрдем фельдшері де жарақат алғаны белгілі болды. Ол зардап шеккен ер адамды үйінді астынан шығарып алмақ болған кезде, басына 9-қабаттан кондиционер құлаған.

Өкінішке қарай, 18 қарашада фельдшер көз жұмды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм Ұлдана Мырзуанды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

18 тамызда марқұм фельдшердің өліміне қатысты іс бойынша сот процесі басталды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.