Financial Times: Теңге - Еуропа мен Азиядағы ең тегеурінді валюта
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлдана Мырзуанның анасы сотта қызының соңғы сөздерін айтты

Ұлдана Мырзуанның анасы сотта қызының соңғы сөздерін айтты
Жоғарғы сот

Қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның анасы Салима Омарова сот отырысы кезінде көз жасын ұстай алмады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бүгін, 20 тамызда, Сәлима Омарова сотта куәлік бере бастады. Ол қайғылы оқиғадан аз уақыт бұрын, 2025 жылғы 8 қарашада, қызымен телефон арқылы сөйлескенін айтты. Ұлдана шақырту бойынша оқиға орнына бара жатқанын хабарлаған. Олар кейін қайта сөйлесуге келіскен. Бұл кезде Салима Омарова басқа қалада болып, дүкенге бара жатқан.

«Қызым шақырту бойынша келгенін, шақыртудан кейін қайта хабарласатынын айтты. Мен дүкенге кіріп, кассаға жақындаған 15 минуттың ішінде маған Әділеттің анасы (Ұлдананың күйеуі – авт.) бірнеше рет қоңырау шалды. Мен кассаның алдында тұрған кезде сатушы есептесуді кейінірек жасауымды айтып, телефонға жауап беруімді сұрады. Құдағиымның дауысынан алаңдағаны байқалды. Қызым алыста болғандықтан, кез келген ана алаңдайды ғой. Құдағиымнан: "Бәрі тыныш па, бәрі жақсы ма?" деп сұрадым. Ол маған: "Ұлдананың үстіне қабырға құлап кетті", – деп жауап берді», – деді Салима Омарова.

Әйел бастапқыда Ұлдананың үстіне дүкендегі сөре құлап кеткен деп ойлаған. Алайда кейін оған үлкен қызы хабарласып, Астанаға шұғыл ұшып кетуі керек екенін айтқан. Елордада аурухананың жанында Сәлима Омарованы балаларымен бірге Әділет және оның туыстары қарсы алған. Сол кезде қызына ота жасалып жатқан.

«Кейін қызымның жанына кіруге рұқсат берді. Сол сәтте қызымның қай жерде жатқанын түсіне алмадым, өйткені онда бірнеше адам болды. Жатқан қызымның кім екенін де тани алмадым... Ол маған шақыртудан кейін қайта қоңырау шалуы керек еді. Жанымда болған жансақтау бөлімінің қызметкерлері бұл жерде ұзақ уақыт болуға болмайтынын айтып, мені сыртқа шығарды», – деді қаза болған әйелдің анасы көз жасын тыя алмай.

Сот отырысы сағат 15:00-ге шегерілді.

Айта кетейік, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік рухы даңғылы бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы көпқабатты үйдің қасбетінен құлап кеткен. Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың арасында оқиға орнына келген екі фельдшер де болды. Фельдшерлердің біріне жабық бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Дәрігерлер оған краниотомия жасап, гематоманы алып тастап, қан кетуді тоқтатқан. Алайда 18 қарашада медицина қызметкері қайтыс болды.

Қылмыстық іс бойынша сотталушы ретінде үйді басқарған МИБ төрайымы Сәуле Жубаниязова өтіп жатыр. Ол қаптамасы құлаған үйді басқарған. Бұған дейін әйел өз кінәсін мойындамаған.

Жесір қалған Әділет Зейнел де сотта жауап берді. Ол 20 миллион теңге көлеміндегі материалдық көмекті неге жұмсағанын және неліктен жәбірленуші мәртебесінен бас тартқысы келетінін айтты.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі