Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Украинадағы парламент сайлауында Зеленскийдің партиясы алда келеді

Украинадағы парламент сайлауында Зеленскийдің партиясы алда келеді

Украина орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 48 пайызын санаған соң Владимир Зеленскийдің "Слуга народа" партиясы алда келеді. 22 шілдедегі нәтиже бойынша, бұл партиясы 199 сайлау учаскесінің 120-сында жеңіске жеткен.

ОСК дерегінше, қазірге дейін "Слуга народа" 42 пайыз дауыс алды. Ал "Слуга народа" партиясының негізгі қарсыласы, Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуды көздейтін "Оппозиция платформасы" 12,6 пайыз жинап тұр.

Бұл нәтижемен "Слуга народа" партиясы Жоғарғы Рададағы негізгі орынды иеленіп, өз бетімен үкіметті жасақтауға мүмкіндік алады.

Жоғарғы Радаға өтуге мүмкіндік беретін алты пайыздық межеден бес партия өтті.

Петр Поршенконың "Европейская солидарность" партиясы - 8,67%, экс-премьер-министр Юлия Тимошенконың "Батькивщина" партиясы - 8,04%, музыкант Святослав Вакарчуктың "Голос" партиясы 6,40% дауыс алған.

Жоғарғы Рада сайлауы 21 шілдеде өтті. 424 мандат үшін алты мыңнан астам кандидат сайлауға түсті. Сайлау ережесіне сай, Рададағы орыннан жартысы мандат бойынша сайланған депутаттарға беріледі. Жартысы партиялық тізіммен сайланады.


Azattyq
Автор
Бауыржан