"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Украинада "мемлекетке сатқындық жасады" деген күдікке ілінген "Мотор Сич" директоры ұсталды

Украинада "мемлекетке сатқындық жасады" деген күдікке ілінген "Мотор Сич" директоры ұсталды

Украина қауіпсіздік қызметі бұрынғы депутат, "Мотор Сич" кәсіпорнының директоры Вячеслав Богуслаевты "мемлекетке сатқындық жасады" деген күдікпен ұстады.

Бұл жөнінде күштік құрылымдағы дереккөздерге сүйенген "ЗаБор" басылымы хабарлады.

"Украинская правда" дереккөзінің хабарлауынша, кәсіпкер "басқыншы-мемлекетпен" "ауыз жаласты" деген күдікке ілінген.

22 қазанда 83 жастағы Богуслаевтың үйінде тінту жүргізілді. "ЗаБор"-дың жазуынша, кәсіпкер есігін ашудан бас тартқаннан кейін құқық қорғау орган өкілдері арнайы құрал пайдаланған.

"Мемлекетке сатқындық жасау" бабы бойынша күдікке ілінген Богуслаевтың кінәсі дәлелденсе, өмірлік түрмеге кесілуі мүмкін. Оны Запорожьеден Киевке қарауылмен апара жатқаны хабарланды.





Украиналық саяси, қоғам қайраткері Вячеслав Богуслаев Раданың 5,6,7,8-шақырылымдағы депутаты болған. 1994 жылдан бері "Мотор Сич" кәсіпорнының басқарма жетекшісі, бас директоры. Ол Украинадағы ең ауқатты 25 адамның бірі.

"Мотор Сич" авиация саласында газ турбинасы қозғалтқышы мен өнеркәсіптік қондырғыларды өндіріп, жөндеумен айналысады.

Автор
Нұрсұлтан