«Шымкенттен арнайы шақырған»: Леңгірде жігітін өлтірген 15 жастағы қыз сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Солар үшін жанын берді”: Асқар Забикулиннің әйелі өрттен аман қалғандардың біреуі келмегенін айтты

“Солар үшін жанын берді”: Асқар Забикулиннің әйелі өрттен аман қалғандардың біреуі келмегенін айтты
Фото: ашық дереккөз

Арада төрт жыл өтсе де, жары батырдың жоқтығына үйрене алмағанын жазды. Оның айтуынша, өмір жалғасқанымен, күйеуінен айырылған күн жүрегінде мәңгі қалған.

Астанада өрт кезінде тұрғындарды құтқарып, өзі ауыр жарақаттан көз жұмған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары Әнел марқұмға арнап жүрекжарды жазба жариялады. Ол батыр күйеуін әлі күнге дейін сағынатынын айтып, төрт жыл ішінде құтқарылған адамдардың ешқайсысы отбасымен хабарласпағанын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске салайық, 2022 жылдың қарашасында елордадағы тұрғын үйде өрт шыққан кезде Асқар Забикулин бірнеше адамды құтқарып, өзі ауыр жарақат алған еді. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, ол 20 қарашада ауруханада көз жұмды.

«Сенсіз төртінші күз… Төртінші қараша… Уақыт өтіп жатыр, күндер ауысып жатыр, өмір өз ағысымен жалғасып жатыр. Бірақ менің жүрегімде уақыт тоқтап қалған бір күн бар… Сен кеткен күннен бері қанша таң атты, қанша кеш батты…», – деп жазды Әнел.

Ол қыздарының әкесіз өсіп келе жатқанына қынжылып, күйеуінің өзі куә болмаған қуаныштары мен жетістіктерін сағынышпен еске алды.

Жазбаға пікір қалдырған оқырмандардың бірі Асқар Забикулин құтқарған адамдардың батырдың отбасымен хабарласып, қолдау көрсетіп тұратынын сұрады. Әнелдің жауабы көпшіліктің көңілін толқытты.

«Осы 4 жылда менің күйеуім құтқарған ешбір адам үйіміздің табалдырығын аттап баспады. Мен олардың түрін көрген емеспін. Ал менің жарым солар үшін жанын берді», – деп түйіндеді ол.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.