«Шымкенттен арнайы шақырған»: Леңгірде жігітін өлтірген 15 жастағы қыз сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағанды циркінде әуе гимнасты бес метр биіктіктен құлап кетті

Қарағанды циркінде әуе гимнасты бес метр биіктіктен құлап кетті
Фото: instagram.com/ekaraganda.kz

Куәгерлер түсірген бейнежазба Ekaraganda Instagram парақшасында жарияланған. Ал Қарағанды циркінің ресми парақшасында әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме берілмеген.

Қарағанды циркінде өнер көрсету кезінде әуе гимнасты шамамен бес метр биіктіктен құлап, көрермендерді шошытты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әртіс нөмір орындау кезінде сақтандыру құралдарын пайдаланбаған. Бір сәтте тепе-теңдігін жоғалтып, биіктіктен құлаған.

Оқиғадан кейін бағдарлама жүргізушісі әртісті дәрігерлер тексергенін айтып, оның жағдайы жақсы екенін жеткізген. Сондай-ақ өнерпаздың жақын арада жұмысқа оралатынын мәлімдеген. Осыдан соң цирктегі қойылым қайта жалғасқан.

Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары әртістің денсаулығына алаңдап, құлаудың салдары ауыр болуы мүмкін екенін жазған. Бұған қоса, оқиғадан кейін бағдарламаның жалғастырылғанына наразылық білдіргендер де бар.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.