«Шымкенттен арнайы шақырған»: Леңгірде жігітін өлтірген 15 жастағы қыз сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Асу Алмабаев UFC турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригутиге есе жіберді

Асу Алмабаев UFC турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригутиге есе жіберді
Фото: sports.kz

Жапон файтері кәсіби мансабындағы 37-жеңісіне қол жеткізсе, Асу Алмабаев төртінші рет жеңіліс тапты.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (24-3) Дохада өткен UFC Fight Night 294 турнирінде жапондық Кёдзи Хоригутиге (36-6) қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Аса жеңіл салмақтағы үш раундтық кездесу төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Хоригутидің жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, жекпе-жек алдында UFC рейтингінде Асу Алмабаев алтыншы, ал Кёдзи Хоригути жетінші орында тұрған еді.

Кездесуден кейін Хоригутидің UFC-дегі статистикасы 10 жеңіс пен 2 жеңілісті құраса, қазақстандық спортшының лигадағы көрсеткіші 7 жеңіс, 2 жеңіліс болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.