«Шымкенттен арнайы шақырған»: Леңгірде жігітін өлтірген 15 жастағы қыз сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспийден аман қалған сарбазға қатысты қуанышты хабар тарады

Каспийден аман қалған сарбазға қатысты қуанышты хабар тарады
Фото: ашық дереккөзден

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан тірі қалған атыраулық сарбаз Бекет Қуандық "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Жауынгер марапаттау рәсімінен кейін өмірден өткен қаруластарын еске алып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады.

Бекет Қуандыққа мемлекеттік награда Президент Жарлығы негізінде берілген. Марапатты Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов салтанатты жағдайда табыстады. Бұған дейін жас сарбаз Каспий теңізінде болған қайғылы оқиға кезінде аман қалған еді. Алайда сол төтенше жағдай салдарынан оның бірнеше қаруласы қаза тапқан.

Жауынгердің қиын сәттегі қайсарлығы мен табандылығы ескеріліп, оны мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылданған.

Салтанатты рәсімнен кейін Бекет Қуандық әлеуметтік желідегі парақшасында марапаттау сәтінен фотосуреттер жариялады. Ол өз жазбасында Каспий теңізіндегі оқиғаны еске алып, сол күні өмірден өткен қызметтес жолдастарына құрмет білдірді.

"Теңізден аман оралған күн – өмірімдегі ең ұмытылмас сәттердің бірі. Бұл марапат – үнсіз қалған ерліктің белгісі. Жатқан жерлері жарық болсын, қаруластарым!" – деп жазды Бекет Қуандық.

Сарбаз мемлекеттік марапат алған сәтте өмірден өткен қаруластарының есімін ұмытпағанын жеткізді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер