«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Украинада бала өліміне күдікті екі полицей тұтқындалды

Украинада бала өліміне күдікті екі полицей тұтқындалды

Киев соты полиция қызметкерлері Иван Приходько мен Владимир Петровецті екі айға қамауға алуға шешім шығарды. Олар Переяслав-Хмельницкий қаласында бес жасар баланы қарудан атып жарақаттап, кейін бүлдіршін көз жұмған.

31 мамыр күні жол-патруль полициясының масайған екі қызметкері тұрғын үйлердің бірінің маңындағы темір қораптарға оқ атқан. Оқтың бірі сол маңда ойнап жүрген балаға тиіп, ол 3 маусымда ауруханада қайтыс болды.

Полицейлерге "қасақана кісі өлтірді" және "қару қолданып бұзақылық жасады" деген айыптар тағылды. Алғашқы бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Иван Приходько айыбын мойындаудан бас тартты. Украин баспасөзінің жазуынша, прокуратура оның қашып кетуі болмаса айғақтарды жойып, куәгерлерге қысым жасауы мүмкін деген уәжбен соттан оны қамауға алуды сұраған.

Бұл оқиғадан кейін Киев облыстық полиция бастығы Дмитрий Ценов қызметінен кетті. Украина ұлттық полициясы басшылығы қаза болған баланың ата-анасына көңіл айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл іс бойынша тергеуді өзі бақылайтынын хабарлады.


Azattyq
Автор
Мадияр