Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Украина үшін соғыспақ болған 19 жастағы қазақстандық Ресейде 12 жылға сотталды

Украина үшін соғыспақ болған 19 жастағы қазақстандық Ресейде 12 жылға сотталды

Дон бойындағы Ростов қаласындағы Оңтүстік округтік әскери сот Қазақстан азаматы, 19 жастағы Тұран Устюговты террорлық ұйымға қатысып, террористік әрекетке үйренгені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырды. Тұранның анасы ұлының Украина сабында соғысқа барар кезінде шекарада ұсталғанын айтқан еді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тұраннның анасы Эльмира Жанабаеваның айтқанын Динара Смайлова парақшасында жариялады. Мемлекеттік айыптаушы тіпті қазақстандық жігітке 25 жыл жаза сұраған екен.

"Ол ештеңе жасаған жоқ. Тек ниеті үшін ғана жазаланып отыр", – деді Жанабаева.

Тергеу органдарының мәліметінше, ол Украина жағында соғысқа қатыспақ болған және Қырым арқылы сол жаққа өтуді жоспарлаған. Оның телефонынан Ресейде террористік ұйым деп танылған Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері: "Орыс еріктілер корпусы" мен "Азов" полкына қатысты сауалнамалар табылған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұған дейін "жауапты дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдерімен, адвокатпен, анасы мен жақын туыстарымен байланыста" екенін мәлімдеген.

"Аталған өңірде Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі болмағандықтан, ол азаматпен тұрақты байланыста адвокат қана бар. Қазіргі уақытта аталған азаматтың жағдайы қанағаттанарлық. Денсаулығына қатысты шағымы жоқ", – деді ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін Украина атынан соғысқа бармақ болған 18 жастағы қазақстандық Ресейде тұтқынға түсіп, анасы елден көмексұрағаны туралы хабарлаған едік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.