Жасөспірімдердің жағдайы: қылмыс азайып, буллинг көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық әйел қызы TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылды

Қазақстандық әйел қызы TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылды
Фото: ашық дереккөз

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеуге жауапты екенін еске салады.

Атырау тұрғыны қызы TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 14 қазан күні әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында кәмелетке толмаған қыз балағат сөздер айтқан.

"Осы дерек бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ақпаратта.

Олар балаларының мінез-құлқына, соның ішінде әлеуметтік желілердегі әрекеттеріне ерекше назар аударуы қажет.

Еске салсақ, осыған дейін TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан қазақстандық стример жауапқа тартылғанын жазғанбыз. 

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.