Жасөспірімдердің жағдайы: қылмыс азайып, буллинг көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті

Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
Фото: ашық дереккөз

22 жастағы қыз ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алғаннан кейін үйіне жіберілді. Ол полицияға ешкімге шағымы жоқ екенін айтып, кейін Көкшетауға кеткен

Петропавлда ерекше оқиға болды. Қыз сүйісуден бас тартып, жүріп келе жатқан көліктен секіріп кеткен. Салдарынан оны басқа көлік қағып кеткен. Бақытымызға орай, оқиға ауыр зардапсыз аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 18 қазанда сағат 23:35 шамасында Петропавлда Қараванная және Украинская көшелерінің қиылысында Volkswagen көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

22 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Аталған факті бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Volkswagen көлігін 69 жастағы ер адам басқарған. Оның мас болмағаны анықталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Полицияға түсініктеме берген қыз Семейден Петропавлға бір ер адамға келгенін және пәтер жалдағанын айтқан. Қала ішінде көлікпен келе жатқанда ер адам оны сүйгісі келген. Алайда қыз алдыңғы тістері болмағандықтан ұялып, көліктен секіріп кеткен. Осыдан кейін оны Volkswagen көлігі қағып кеткен.

Қыз ешкімге шағымы жоқ екенін айтқан. Оқиғадан кейін ол жалдап тұрған пәтерін босатып, Көкшетауға кеткен.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.