Жасөспірімдердің жағдайы: қылмыс азайып, буллинг көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік": Жанар Айжанова қуанышты жаңалығын бөлісті

"Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік": Жанар Айжанова қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әнші, актриса Жанар Айжанова Республика күні қарсаңында "Құрмет" орденімен марапатталды. Өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жариялап, Мемлекет басшысы мен қазақ халқына алғысын білдірді.

Жанар Айжанованың айтуынша, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградаға ие болған. Марапатты әншіге Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Қарин табыстаған.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында мұндай құрметке бөлену өзі үшін үлкен мәртебе ғана емес, зор жауапкершілік екенін жеткізді.

"Бүгін менде Республика күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен, Вице-Президент Ерлан Қариннің қолынан «Құрмет» орденімен марапатталдым. Осы орайда барша қазақ елін ұлы мерекемен құттықтай отырып, осы құрметке лайықты деп сенім артқан Мемлекет басшысына да, ыстық ықыласын аямаған халыққа да алғысым шексіз", – деп жазды әнші.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер