KZNews.kz
Жаңалықтар

"Үйге екі рет тінту жасалды": Атырау облысындағы трагедияға қатысты тың дерек айтылды

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты жағдай әлі де көпшіліктің алаңдаушылығын тудырып отыр. Оқиғаға байланысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында Жангелдин ауылында болған қайғылы жағдай жөнінде пікір білдірді. Оның сөзінше, соңғы жиырма күннен астам уақыт бойы интернетте түрлі бейресми әрі жан түршігерлік мәліметтер таралуда. Алайда бұл ақпараттардың рас-өтірігін анықтау әзірге мүмкін болмай отыр. Сонымен қатар марқұмдардың туыстары да ел арасында айтылып жүрген деректердің басым бөлігін шындыққа жанаспайды деп отыр.

"Бірақ жоғалғандар Наурыз, Мейрамгүл, Ақбаян мен күдікті Сұлтан Сәрсемалиевты іздеу жалғасып жатыр. Тоқтаған жоқ. "Жангелдин ауылындағы қылмыс болған, марқұмдардың мәйіті табылған үй түгелдей тінту жасалды ма?" – деп Атырау облыстық Прокуратурасынан да сұрадым. Олар да толықтай екі рет, соңғы рет өткен апта тексерілгенін айтты.  "Неге үнсіз қалды?" деп күні-түні жазып жатқандар бар. Бұл қанды қылмысқа қатысты құзырлы органдар тарапынан ресми мәлімдеме болса, міндетті түрде бөлісемін. Кейде мұндай қылмыстар жылдар бойы тергеп-тексерілуі мүмкін. Сондықтан сәл күтейік. Күдікті қолға түссе, бәрі де белгілі болар", – деп жазды журналист.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →