Reuters: Ормуз бұғазы қайта жабылуы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы сотта Ақбаянға қатысты тағы бір дерек айтылды

Атыраудағы сотта Ақбаянға қатысты тағы бір дерек айтылды
kznews.kz коллажы

Әлеуметтік желіде Атыраудағы резонансты қылмыстық іске қатысты сот отырысынан үзінді тарады. Видеода марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шілмағамбетова Ақбаянға қатысты пікір білдірген, деп kznews.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Мақсот Қарабалин 2022 жылы Ақбаянды Сұлтанның ата-анасының үйінен себепсіз алып кетпеген. Шілмағамбетованың сөзінше, бұған Ақбаянның өзі телефон арқылы айтқан шағымы себеп болған.

"Ағам Ақбаянды 2022 жылы бекерден-бекер Сұлтанның әке-шешесінің үйінен алып кетпеді. Ақбаян телефон соғып, Сұлтанды басқа әйелмен ұстап алғанын, ендігі жерде бірге тұра алмайтынын айтқан соң ғана әкесі алып кетті. Әйтпесе әдейі араласқан ешкім жоқ", – деді Әдемі Шілмағамбетова.

Ол бұл сөзін марқұм ағасының отбасылық мәселеге өздігінен араласпағанын түсіндіру үшін айтқан. Оның айтуынша, Ақбаян көмек сұрағаннан кейін ғана туыстары оны алып кеткен.

Қазір Атыраудағы атышулы іске қатысты сот отырыстары жалғасып жатыр. Тараптар оқиғаға байланысты өздеріне белгілі деректерді айтып, сотта жауап беруде.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер