Журналист Жанат Молдашова Атырауда қаралып жатқан Сұлтан Сәрсемәлиев ісіне қатысты тағы бір дерек айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Dalanews.kz мәліметінше, журналистің сөзінше, қараша айында Сәрсемәлиевтің жездесі одан қарызға ақша сұраған. Жанат Молдашова бұл жайтқа сот барысында жеткілікті деңгейде назар аударылмағанын алға тартты.
"Жездесі қараша айында Сәрсемәлиевтен 150 мың теңге қарызға ақша алған. Ол ақшаны SMS арқылы жазып сұраған. Бірақ мемлекеттік айыптаушы бұл SMS дәлелін куәгерден сұрамады. Тұрақты жұмысы жоқ адамнан қалай ақша сұраған?" – деді журналист.
