Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасының тағдыры қалың елдің қабырғасын қайыстырып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Іздестіру шаралары басталғанына біраз уақыт өтсе де, бүгінге дейін төрт адамнан еш хабар жоқ. Оқиғаның мән-жайын зерттеп, қоғамға тұрақты түрде ақпарат таратып жүрген журналист Жанат Молдашова Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа жазба жариялады.
Журналистің айтуынша, Жангелдин ауылынан қайтар жолда ол құзырлы органдармен байланысып, іздеу барысына қатысты нақтылау сұрақтарын қойған.
"Жангелдин ауылынан келе жатқанда, құзырлы органдарға хабарласып "үйдің дәретхана, септиктерін түгелдей ашып қарады ма?" деп сұрадым. "Бәрі тексерілді" деді", – делінген журналистің жазбасында.