Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Уақыт бәрін реттейді": әнші Ayree 12 жастағы ерекше ұлы жайлы жан сырын ақтарды

"Уақыт бәрін реттейді": әнші Ayree 12 жастағы ерекше ұлы жайлы жан сырын ақтарды

Осыдан біраз уақыт бұрын отандық әнші, көпшілікке Ayree лақап есімімен танымал Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шығып, ерекше бала тәрбиелеп отырғанын баяндап берген болатын. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында қиын сәтте күйзелістен ата-анасының қолдауы алып шыққанын айтты, деп жазады  Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Мұны тағдыр деп қабылдағаныма 4-5 жыл болды. Мен психологтармен де жұмыс істедім. Отбасым да жанымда болды. Бірақ, меніңше, уақыт бәрін реттейді. Оның өскені, күлгені мен үшін - бақыт. Сондықтан мен өзімді жаман сезінбеймін, бақыттымын. Оны қабылдау мәселесі маған да қиын болды. 4-5 жыл күйзелісте болдым. Ата-анамның көмегі мені күйзелістен алып шықты. "Бәрі жақсы болады. Түк қорықпа. Одан да өтеміз. Тік жүріп, еңбектен. Биіктен көрінесің. Біз жаныңдамыз. Сен сынба" деп, махаббатына бөледі. Ата-анамның тәрбиесі бөлек. Әрдайым қолдады. Әрине, сындым да, құладым да. Өзім студентпін. Ақша керек. Жұмыс істеймін. Балаға ақша керек. Емге қаражат көп кетеді", - деді Ayree. 

фото: ғаламтордан
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары