Биоэнергетик Арай Еркінбек қамауда отырған Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты пікір білдіріп, оны емдей алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазған.
Арай Еркінбек Нұрсұлтан Жақсыгенге ауыр жаза тағайындалуына Фаризаның ата-тегі мен Нұрсұлтанның ата-тегі арасындағы араздық себеп болған деген болжамын айтқан.
«Нұрсұлтан Жақсыгенге ауыр жаза тағайындалды. Себебі Фаризаның ата-тегі Нұрсұлтанның ата-тегімен жау. Өйткені Фариза оның сотталып кеткеніне қуанады. Оның одан да көп жаза алғанын қалайды», – деп жазды биоэнергетик.
Сондай-ақ ол өзін сарапшы ретінде таныстырып, Нұрсұлтан Жақсыгенді емдеуге ниетті екенін жеткізген. Оның айтуынша, бір рет ем жүргізсе, Нұрсұлтан түрмеден толықтай аман қалады.