Бектенов: Қазақстанның кез келген азаматы цифрлық инвестор бола алады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қатігездік танытпауға болар еді”: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенге аяушылық білдірді

“Қатігездік танытпауға болар еді”: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенге аяушылық білдірді
Фото: әлеуметтік желіден

Продюсер Гүлзира Айдарбекова сот үкімі шыққан актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты пікір білдіріп, оның жазасын жеңілдетуге шақырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Продюсердің сөзінше, актерге қатысты жаза тым қатаң болуы мүмкін. Ол бұл жағдайдың артында Нұрсұлтан Жақсыгеннің отбасы мен балалары бар екенін атап өтіп, сотталған адамның тағдырына да назар аудару керек екенін айтты.

Гүлзира Айдарбекова актердің ауыр қылмыс жасамағанын алға тартып, жазаны жеңілдету мәселесін қарастыруға болатынын жазды.

«Мүмкіндік болса, соншалықты қатыгездік танытпауға да болар ма еді. Ортада бала-шағалары бар шығар. Кісі өлтіріп, қыз зорлап, ұрлық жасаған жоқ. Жеңілдеткені дұрыс-ау. Кімнің басынан не өтпейді, ешқайсыңыздың бала-шағаңыздың басына бермесін», – деп жазды ол.

Продюсер сондай-ақ актердің жұбайы да жазаны жеңілдетуге үміттеніп жүргенін атап өтті. Оның пікірінше, адамды ұзақ уақытқа бас бостандығынан айыру оны түзелуге емес, керісінше, қоғамға одан әрі бейімделе алмауына алып келуі мүмкін.

«Жазасын алу керек, бірақ кішкене жеңілдетіп, 2 жарым жыл емес, 1 жыл да жеткілікті ме дегенім ғой. Ол жақтан түзеліп емес, қаны безер болып бұзылып келуі де мүмкін ғой», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен бірге продюсер актерді жақыннан танымайтынын да жасырмады. Оның бұл пікірді тек сырттай бақылап отырған адам ретінде айтып отырғанын жеткізді.

«Сырттай көріп жүргенім болмаса, аса бір танымайды екенмін, қандай адам екенінен де хабарым жоқ. Әйтеуір ата-анасы бар, бала-шағасы бар, ешкім жыламаса дегенім ғой», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі бүгін шыққан. Осыдан кейін актердің ісі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оған қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.