Бектенов: Қазақстанның кез келген азаматы цифрлық инвестор бола алады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шықты

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шықты
Нұрсұлтан Жақсыген Руслан Өтепбайға ашылып сұхбат берді

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі жарияланғаннан кейін ол сот залында қамауға алынды.

Іс Алматы облысының Қарасай аудандық сотында қаралған. Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы, яғни онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша айып тағылған.

Жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокатының мәліметінше, сот актерді кінәлі деп таныған.

«Сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп танып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді», – деп жазды адвокат.

Сонымен қатар сот жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның азаматтық талабын ішінара қанағаттандырған.

Сот шешіміне сәйкес, оның пайдасына 5 миллион теңге өндірілетін болды.

Үкім шыққаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер