Бектенов: Қазақстанның кез келген азаматы цифрлық инвестор бола алады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Жылап қалды”: Фариза Алмасқызы Нұрсұлтан Жақсыгеннің сотталуына қатысты пікір білдірді

“Жылап қалды”: Фариза Алмасқызы Нұрсұлтан Жақсыгеннің сотталуына қатысты пікір білдірді

Блогер әрі актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша, яғни онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған.

Сот үкімі шыққаннан кейін блогердің экс-әйелі Фариза Алмасқызы Instagram stories-те эмоциясын білдірді. Ол көз жасына ерік беріп, өзіне қатысты айтылған жаладан кейін намысы қорғалғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Үкім шықты. Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Қазір намысым қорғалып, ақталып шыққаныма қатты қуанып тұрмын. Себебі, өте үлкен жала жабылған болатын. Үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Жеңілдеп қалдым. Барлықтарыңыздың қолдауларыңызға рақмет», – деді Фариза Алмасқызы.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.