Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістанда жас жігітті 14 жерден пышақтап, атына 8 несие рәсімдеген ефрейтор сотталды

Түркістанда жас жігітті 14 жерден пышақтап, атына 8 несие рәсімдеген ефрейтор сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты 19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты өлтірді деген айыппен ефрейтор Мұрад Әбдіжамиловты 15 жылға, ал оның екі  сыбайласын төрт жылға соттады, деп хабарлайды Kznews.kz

Дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың ақпан айында 19 жастағы Жасұлан Әбдіманап Түркістан облысы Сарыағаш ауданында өз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Екі күн өткеннен кейін оның 14 жерден пышақталған мәйіті табылған. Тергеу күдікті ретінде Жасұланмен бір ауылда тұратын Мұрад Әбдіжамиловті, сондай-ақ оның қылмысын жасырған Диас Ибрагим мен Адина Мамаева есімді келіншекті ұстаған еді.

Тергеуге сай, ефрейтор жігіт Жасұлан Әбдіманапты 14 жерінен пышақтап, оның телефоны арқылы 8 несие рәсімдеп, қашып кеткен.

Сот басты айыпталушыны 15 жылға, ал қылмысты жасырған екі адамды 4 жылға соттады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.