9 айда - 11 000: ел азаматтарының саны қанша адамға көбейді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының қабірі көпшіліктің назарын аударды

Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының қабірі көпшіліктің назарын аударды

Мәскеуде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы, Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевтың қабірі көрсетілген видео жарияланды. Марқұмның басына қойылған ерекше ескерткіш көпшіліктің назарын аударған.

Әлеуметтік желіде танымал тұлғалардың жерленген орындары туралы бейнематериалдар жариялап жүрген блогер Наиль Валиев Мәскеудегі Троекуров зиратына барып, Айдар Ақаевтың қабірін түсірген.

Блогердің айтуынша, зираттың мұсылмандар жерленген бөлігінде орналасқан ескерткіш өзгеше пішінімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, марқұмның басына бесікке ұқсатып жасалған ескерткіш орнатылған.

Наиль Валиев аталған зиратта көптеген белгілі тұлғаның жерленгенін айтып, Айдар Ақаевтың қабіріне арнайы тоқталған.

Айта кетейік, Айдар Ақаев Қазақстан мен Қырғызстанның бұрынғы президенттерінің отбасыларын байланыстырған некесі арқылы да көпшілікке танылған.

1998 жылы ол Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға үйленген. Алайда олардың отбасылық өмірі ұзаққа созылмай, шамамен үш жылдан кейін, 2001 жылы ажырасқан.

Кейін Айдар Ақаев қырғызстандық тележүргізуші Сайкал Чокубаевамен отбасын құрған.

Айдар Ақаев Қырғызстанның саяси және қоғамдық өміріне де араласқан. Ол Қырғыз Республикасының Ұлттық олимпиада комитетін және бокс федерациясын басқарған. Сондай-ақ 2005 жылы Қырғызстан парламентінің депутаты болып сайланған.

Алайда сол жылы Қырғызстанда болған саяси өзгерістерден кейін Ақаевтар отбасы елден кетіп, Айдар Мәскеуде тұрған.

Айдар Ақаев 2020 жылғы ақпанда Ресей астанасында 43 жасында өмірден өтті. Сол кезде бұқаралық ақпарат құралдары оның өліміне жүрек талмасы себеп болғанын хабарлаған.

Марқұм 2020 жылғы 8 ақпанда Мәскеудегі Троекуров зиратында жерленген. Жерлеу рәсіміне туыстары, жақындары және Қырғызстаннан келген бірқатар белгілі тұлға қатысқан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер