Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан соты 22 наурызда ұсталған тұрғынның шағымын қанағаттандырмады

Түркістан соты 22 наурызда ұсталған тұрғынның шағымын қанағаттандырмады

Түркістан облыстық соты "шылым шегіп, тұқылын тастады" деп айыпталып, үш күнге қамалған қала тұрғыны Қайрат Сұлтанбектің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Сот 29 сәуір кешкісін Түркістанда өтті. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

26 наурызда Ордабасы аудандық соты Қайрат Сұлтанбекті Әкімшілік кодекстің "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыптап, үш күнге қамау туралы шешім шығарған. Сұлтанбектің айтуынша, полиция оны "шылым шегіп, қалдығын тастады" деп айыптаған. Ол үш күнге қамалуын белсенділігімен байланыстырады.

- Мені 22 наурызда Шымкенттегі Дендрасаябақ алдына наразылық білдіріп шыққаным үшін қудалап жатыр деп ойлаймын. Қоғамдық орында темекі шегіп, тұқылын тастамағанымды қанша дәлелдесем де, сот апелляциялық шағымымды қанағаттандырмады, - дейді ол.

22 наурызда Шымкенттегі Дендрасаябақтың маңында полиция Қайрат Сұлтанбекті ұстап әкеткен. Осы күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте полиция көшеде ондаған адамды ұстаған. Полиция адамдарды не үшін бөлімшеге әкеткендерін ашып айтпаған.

Қайрат Сұлтанбекті полиция ұстаған сәт. 22 наурыз 2019 жыл.


Azattyq
Автор
Санжар

Журналист