«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

29 мамырда Түркістан облысы Сарыағаш ауданында екі көлік соқтығысып, төрт адам қайтыс болды. Екі жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.

Қаракөзованың айтуынша, қайғылы оқиға 29 мамыр таңертең Жетісай-Жібек жолы тас жолында болған. "Лада" маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, "Фольксваген-пассат” автокөлігімен соқтығысқан. Екі көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болған. Оқиғаға байланысты тергеу басталып, бірнеше сараптама тағайындалған.

Түркістан облыстық полиция департаменттің дерегінше, жыл басынан бері облыста 337 жол апаты болған. Салдарынан 85 адам қайтыс болып, 463 адам жарақаттанған.

Сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде жол апаты азаймай тұрғанын айтып, үкіметке жол апатын азайту үшін шаралар қабылдауды тапсырған.

Eurostat дерегінше, Қазақстан әлем бойынша жол апаты көп болатын бес елдің қатарына енеді.


Azattyq
Автор
Бауыржан