Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында турист 2400 метр биіктікте досының көз алдында көз жұмды

Түркістан облысында турист 2400 метр биіктікте досының көз алдында көз жұмды
Фото: Бейнежазбадан кескін

Түркістан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жетуі қиын таулы аймақта ауқымды құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Оқиға Төлеби ауданындағы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте орналасқан Шүнкілдек асуында болған.

ТЖМ мәліметінше, көмек сұрап хабарласқан ер адам өзімен бірге тауға шыққан досының денсаулығы кенеттен нашарлап, қайтыс болғанын жеткізген. Сондай-ақ өзі де өзін жайсыз сезініп, таудан өздігінен түсе алмайтынын айтып, құтқарушылардан көмек сұраған.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы жедел жіберілді. Арнайы операция барысында 1993 жылы туған ер адам тікұшақпен қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тексеруден өткізген. Госпитализация қажет болмаған.

Сонымен қатар құтқарушылар таудан 1978 жылы туған ер адамның мәйітін түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол денсаулығының күрт нашарлауынан көз жұмған.

ТЖМ азаматтарды тауға шығар алдында баратын бағыты туралы жақындарына алдын ала хабарлауға, ауа райы болжамын міндетті түрде ескеруге шақырады. Сондай-ақ өзіңізбен бірге байланыс құралдарын, жеткілікті мөлшерде су, дәрі қобдишасы және қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүру қажеттігін еске салды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер