Түркістан облысында өрттен қаза тапқанда жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылында екіқабатты үй өртке орынап, 12 адам қаза тапқан еді. Дәл қазір тілсіз жаудан көз жұмған алты адам жер қойнына тапсырылды. Олардың мәйітін арнайы көліктер салып, алып кетті.
Айта кетейік, Түркістан облысында 9 бала, 3 ересек қаза тапты. Оқиға орнына ТЖД келген кезде, тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталды. Ессіз күйінде 3 адам табылды. Үйдің ішінен қоса алғанда барлығы 12 адамның денесі табылды.