Көпіршік сабын: отандық өндіріс өрге басты ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Әйелдерінің жартысын білемін, жартысын білмеймін”: Рүстем Жүгінісовтың экс-әйелі бар шындығын айтты

“Әйелдерінің жартысын білемін, жартысын білмеймін”: Рүстем Жүгінісовтың экс-әйелі бар шындығын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Айжанның айтуынша, бұрынғы күйеуімен екі жақтың жолы екіге бөлінгеніне біраз уақыт болған. Сондықтан оны Рүстем Жүгінісовтің қазіргі өміріне қатысты жарияланымдарда немесе видеоларда әйелі ретінде көрсетпеуді өтінді.

Өнерден қол үзіп, дін жолына бет бұрған әнші Рүстем Жүгінісовтің бұрынғы жұбайы Айжан Қырықбай әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, ажырасуына қатысты тараған әңгімелерге жауап берді. Ол өзін экс-жұбайымен байланыстыра бермеуді сұрап, бұл тақырыпқа қайта оралғысы келмейтінін жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде жиі кездесетін «төрт баласымен тастап кетті» деген пікірлердің де шындыққа жанаспайтынын айтып, ажырасу өз шешімі болғанын атап өтті.

«Негізі, үндемей-ақ қояйын десем де, болмай тұр. Бұрынғы жұбайым екеуміз ажырасып кеткенімізге біраз уақыт болды. Сондықтан мені ол кісімен байланыстырып, әйелдерінің қатарына қоспауларыңызды сұраймын!

Сондай-ақ, “төрт баласымен тастап кетті” деген сөздерді жазбауларыңызды өтінемін. Кету – менің өз шешімім! Және бұл шешіміме өкінбеймін. Әркім өз адамымен бақытты болсын! Алдағы уақытта ол кісімен бірге түскен қандай да бір видео көрсеңіздер, ондағы әйел мен емес екенін ескеріңіздер. “Неше әйелі бар?” деп те сұрамаңыздар. Жартысын білсем де, жартысын білмеймін! Шынымды айтсам, осы әңгімеден шаршадым. Сондықтан осы тақырыпты біржола жабайықшы! Рүстем мен Айжан деген жұп енді жоқ!» – деп жазды ол.

Айжан Қырықбай осылайша бұрынғы отбасылық қарым-қатынасына қатысты алып-қашпа әңгімелерді тоқтатуды сұрап, бұл тақырыпты енді қозғамауға шақырды

Тақырып бойынша оқыңыз

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.