Өртті сөндіруге ТЖМ бөлімшелері, орман шаруашылығы қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды
Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылында ЖШС аумағында ірі өрт оқиғасы тіркелді. Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне дабыл қағу хабарламасы түскен бойда алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен, деп хабарлайды kznews.kz
Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде шаруашылық аумағындағы бастырма мен жиналған шөптің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. ЖШС аумағында шамамен 12 мың тонна престелген шөп пен бастырманы өрт шарпыған. Өртті сөндіруге ТЖМ бөлімшелері, орман шаруашылығы қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.