Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркіменстанда әскерге барудан бас тартқан "Иегово куәгерлері" түрмеге қамалды

Түркіменстанда әскерге барудан бас тартқан "Иегово куәгерлері" түрмеге қамалды

Түркіменстан соты әскерге барудан бас тартқаны үшін "Иегово куәгерлері" қауымының мүшелерін түрмеге қамады деп хабарлады діни ұйымның ресми өкілі Азат Еуропа/Азаттық тілшісіне. Діни ұйым өкілі Джаррод Лопестің айтуынша, Түркіменстанның Дашогуз облысының соты 17 ақпанда діни қауым өкілі Вепа Матякубовты міндетті әскери борышын өтеуден жалтарды деп танып, екі жылға соттаған.

Ұйымның дерегінше, Түркіменстан билігі 2018 жылдан бері діни себеппен әскерге барудан бас тартқаны үшін ұйымның 20 мүшесін сотқа тартқан. Олардың үшеуінен басқасының бәрі түрме жазасын алған. Қазірге дейін 11 адам жазасын өтеп шыққан. Қалған тоғыз адам әлі түрмеде отыр.

Түркіменстан заңы 18 бен 27 жас аралығындағы ер адамдарды қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуге міндеттейді. Одан бас тартқандарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Azattyq
Автор
Данияр