Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркияда туристер отырған әуе шары құлады: қаза тапқандар бар

Түркияда туристер отырған әуе шары құлады: қаза тапқандар бар

Түрік Каппадокия аймағының Невшехир провинциясында апат болды. Онда туристер отырған әуе шары құлады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Жеке компанияға тиесілі шар Аванос округіндекөтеріліп, Киллик ауданына қатты қонды. Желдің кенеттен екпінінің көтерілуінің салдарынан шар ұзамай жерге құлады. Өкінішке қарай, испаниялық 2 турист қаза тапты, 3 адам жарақат алды. Әуе шарының бортында барлығы 28 турист және екі экипаж мүшесі болды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, апат желдің күшеюінен болған. Сот және әкімшілік тергеу басталды", - делінген Невшехир губернаторының мәлімдемесінде.


Түрік билігінің мәлімдемесіне сәйкес, зардап шеккендерге көмек көрсетіледі.
Автор
Нұрсұлтан