Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тұңғышбай Жаманқұлов Мұхтар Шахановты жоқтап, жүрекжарды жазба жариялады

Тұңғышбай Жаманқұлов Мұхтар Шахановты жоқтап, жүрекжарды жазба жариялады
kznews.kz коллажы

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі өз жазбасында ақынның азаматтық болмысы мен қайсар мінезін ерекше атап, оны шындық үшін күрескен қайраткер ретінде сипаттаған.

"Ей артық туған асыл ер, нағыз Азамат... Шындық үшін шырылдап қана емес, айқайлап өткен атпал жүректі, жолбарыс текті жанкешті! Сен де өттің бе, жалғандық жайлаған алдамшы өмірден... Әділет іздеп кеттің бе, ол шіркіннің Жоғарыда да жоқ екеніне көзің жетіп, енді өзің аңсаған Сана Биігінен орын таптың ба? Арсыға өттің бе, Бейопаға жеттің бе?... Шығыстың жеті жұлдыз шоғырына сегізінші боп қатарларынан орын тептің бе?... Қош, соры қалың қазақтың қадірі артық шыншыл Шайыры... Бақұл бол..." – деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер