"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап, Сағиыңды сағынып! Қош бол" – Тұңғышбай Жаманқұлов жүрекжарды сөзін арнады

"Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап, Сағиыңды сағынып! Қош бол" – Тұңғышбай Жаманқұлов жүрекжарды сөзін арнады
ашық дереккөзден

Тұңғышбай Жаманқұлов КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты жүрекжарды естелік жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Todayinfo.kz жазуынша, өнер иесі марқұмды асқар тауға теңеп, оның өмірдегі де, өнердегі де биік болмысын тебірене еске алды.

"Асқар тауымыз едің – аласармадың… Аспанға кеттің… Мәдиіңді ойлап мұң байладың… Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың… Қатарыңнан жалғыз едің – соңдарынан кеттің… Қатарымнан жалғызбын – арттарыңда қалдым… Ағалық жасап арқамнан қақпадың – әлжуаздықтан сақтадың… Көкем болып, көңілімді өсірмедің – кішілігім кем боп жақпадым… Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің – өз күшіме сендірдің… Сүйеніш болмадың – жансірілікке үйреттің… Тірегім болмадың – табаным таймастай тағаладың… Белімді бумадың – бекемдікке баулыдың… Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың… Соңыңда қалдырмадың – ізіңде жүргенімді сездің… Қатарымды тептің… Тізеңді батырдың – Мен кештім… Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім – Өзің де кеш… Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым… Сарыуайым – Сағынышқа айналдың… Қош… Бақыл бол…", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер