Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов жұбайы Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіппен қалай танысып, кейін отбасын құрғаны туралы әңгімеледі, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі 2020 жылы "Қарақатпен шай" бағдарламасында қазіргі жарының кезінде өзінің шәкірті болғанын ашық айтқан. Актердің сөзінше, уақыт өте келе Дәрияға деген сезімі тереңдеп, махаббатқа ұласқан.
"Мен өзімнің шәкіртім Дәрияға үйлендім ғой. Есімнен тандырды, ғашық болдым, үйлендім. Жасы біраз жас. Арамыз екі мүшел. Екі ұл бір қызымыз бар, құдайға шүкір, қасымда. Әлі де басымда болмайды деп гарантия бере алмаймын", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Актер жұбайына деген ықыласын жасырмай, отбасылық өміріне ризашылығын білдірген. Сонымен қатар ол адам сезіміне әмір жүрмейтінін айтып, ойын әзілмен жеткізген.
Айта кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов театр актрисасы әрі педагог Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіппен шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыптылардың екі ұлы және бір қызы бар.