Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Туфлиі 510 мың теңге, Lexus-пен тек ақылы клиникаға барады": Министр Әлназарова тағы да ел назарында

"Туфлиі 510 мың теңге, Lexus-пен тек ақылы клиникаға барады": Министр Әлназарова тағы да ел назарында
Фото: stan.kz

Белсенділердің айтуынша, министрдің мұндай әрекеті қарапайым халықты менсінбеу болып саналады.

“Бұл цирк қашан бітеді? Министр халыққа емес, өзге мүддеге қызмет етіп отыр. Бұған дейін ол Ұлытауға Lexus-пен келген, енді 1000 еуро тұратын Valentino туфлиімен шықты. Осыны сынағаннан кейін министрлік менің аккаунтымды бұғаттады”, – деп жазды желі қолданушысы.

Үкімет отырысында Ақмарал Әлназаровадан неге жеке клиникаға барғаны сұралды. Министрдің айтуынша, видео “Қазақмыс” медициналық орталығында түсірілген, ал өзі облыстық аурухана мен Ұлытау ауданына да барған.

“Бұл клиника – жоғары деңгейде жұмыс істейтін санаулы орталықтардың бірі. Мемлекеттік ауруханада күрделі жөндеу жүріп жатыр. Менің мақсатым – халыққа сапалы медициналық көмек ұйымдастыру”, – деді министр.

Ол сапардан кейін вице-министр Ардақ Амангелдиев басқаратын жұмыс тобы құрылғанын, өңірдің өзекті мәселелері зерттеліп, жол картасы әзірленгенін айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.