«Самұрық-Қазына» қорында тағы бір басшы ҰҚК тергеуіне ілікті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Самұрық-Қазынада” тағы бір қызметкер ұсталды

“Самұрық-Қазынада” тағы бір қызметкер ұсталды
Фото: ЖИ

Қор өкілдерінің мәліметінше, ұсталған азамат қор департаменттерінің бірінде жұмыс істеген. Алайда оның қолға түсуі қазіргі қызметтік міндеттеріне байланысты емес екені айтылды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының тағы бір қызметкері ұсталды. Қордың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, оқиғаға қатысты уәкілетті органдар тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қор департаменттерінің бірінің қызметкерін ұстау оның бұрынғы еңбек қызметіне қатысты мән-жайлармен байланысты. Бұл жағдай оның қазіргі лауазымдық міндеттерін атқаруына қатысы жоқ. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – делінген қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиғаның өзге мән-жайлары әзірге жарияланған жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.