Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп АҚШ-тың ирандық дронды атып түсіргенін айтты

Трамп АҚШ-тың ирандық дронды атып түсіргенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп 18 шілде күні америкалық әскери кеме Оман шығанағындағы Ормуз бұғазында ирандық ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді. Ақ үйде сөйлеген Трамп бұл оқиғаны Иранның "дұшпандық әрекеті" деп атады.

Трамптың сөзінше, АҚШ-тың Boxer ұшақ тасығыш әскери кемесі ескертуге қарамастан кемеге бір шақырымдай жақын ұшып келген ирандық дронды жойып жіберген.

АҚШ президенті Иран Парсы шығанағы аймағында жаһандық сауда мен еркін әуе саяхатына кедергі жасап отыр деп санайды. Ол басқа мемлекеттерді Тегеранды айыптауға шақырды.

Иран жуырда өз территориясының үстімен ұшты деп америкалық дронды атып түсірген. Ол кезде Трамп адам шығынын болдырмау үшін қарымта әскери әуе соққысын жасау жоспарынан бас тартқанын айтқан.

Былтыр Трамп АҚШ-ты Иран мен Батыс елдерінің арасында жасалған ядролық бағдарламаға қатысты халықаралық келісімнен шығарып алған соң Вашингтон мен Тегеранның қарым-қатынасы нашарлай түскен.


Azattyq
Автор
Бауыржан