Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жаңа орталық құрылды – оны кім басқарады

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жаңа орталық құрылды – оны кім басқарады

Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді, негізгі мақсаты – реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау


Қазақстан президенті әкімшілігі жанынан әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

24 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығын құру туралы айтқан болатын.

"Орталыққа президент әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді", - деп жазды Уәли фейсбукте.

Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді.

Институттың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.

Тимур Сүлейменов туралы не білеміз?


Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша білім алған.

Тағы оқыңыз: Үкімет Тоқаевтың сөзінен кейін ақшаны үнемдеудің жолын тапты

Әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму және сауда вице-министрі, ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. 2019 жылдың наурызында ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалып, көп ұзамай президенттің көмекшісі болды.

©
Sputnik / Болат Шайхинов

Тимур Сүлейменов


Ал 2019 жылдың шілдесінде президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

sputniknews.kz

Автор
Айбар