Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді

Тоқаев тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

216 0 0

7 ақпанда Масанчи ауылының тұрғындары арасында жанжал шықты. Полиция олардың әрекетін бұзақылық деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Масанчи ауылында болған жаппай төбелестен кейін мәлімдеме жасады.

"Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі аккаунтында.

​Мемлекет басшысының мәліметінше, полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алған.

"Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады", - деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жаппай төбелес болды - видео 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Өңірлік полиция департаменті жағдайдың бақылауға алынғанын хабарлады. Тергеу басқармасында қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр. 


sputniknews.kz
Автор
Айбар