"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев ресейлік басылымдарға сұхбат берді

Тоқаев ресейлік басылымдарға сұхбат берді

Мәскеуге сапары алдында ресейлік басылымдарға сұхбат берген Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі биліктің ауысуы, Қазақстан мен Ресей арасындағы "тығыз қарым-қатынас", Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) мен Үлкен Еуразия идеясы мәселелеріне тоқталған. Ол сұхбатында елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "көреген саясаты" мен "кемеңгерлегін" жиі айтып, мақтаған. Ресейлік басылымдар мақалаларда басты сурет ретінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірге түскен суретін қолданған.

Постсоветтік елдердің бесеуі мүше - Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) болашағына тоқталған Тоқаев болашақта одақ мүшелері арасындағы қарым-қатынас бұдан да нығая түсетінін айтқан.

"2025 жылға қарай сауда-саттық саласындағы кедергілерді жойып, тауар, қызмет көрсету, капитал мен жұмыс күшінің шын мәніндегі еркін алмасуын бір-бірімізбен ақылдаса отырып, қамтамасыз етеміз деп үміттенеміз. Интеграция аясында қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларлардың бәрі нақты, экономикалық тұрғыда негізделген және толық жүзеге асыруға болатын [жобалар] деп есептеймін" деген ол ресейлік Коммерсант газетіне.

Regnum.ru сайтына берген сұхбатында Тоқаев жоғарыда аталған мәселелермен қатар Қытайдың "Бір белбеу - бір жол" жобасының Қазақстан үшін маңызын атап өтіп, бұл жоба "мемлекетіміздің Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын транзиттік аумақ ретіндегі стратегиялық позициясын нығайтуға" көмектеседі деп айтқан.

Тоқаев Ресейге сапары алдында мемлекеттік басылымдарға да сұхбат берген. Онда президент "Назарбаев тəуелсіз елдегі саяси басқару мен сабақтастықтың мүлде жаңа, озық үлгісін жасап берді" деп, өзінің де "президент ретіндегі негізгі ұстанымы мен өмірлік көзқарасы осы бағыттан ауытқымайтынын" айтқан.


Azattyq
Автор
Бауыржан